Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Ерсін Кәдірбекұлы Ескендіров Абай облысы жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының басшысы болып тағайындалды

6-04-2024, 11:18 Мадина Айдарова

Ерсін Ескендіров 1985 жылы 28 желтоқсанда дүниеге келген. 2009 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Экономика», 2020 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын ҚР АШМ АӨК, ШҚО Ақсуат ауылында МИК Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясының кадр маманы ретінде бастады.

2012 жылы ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маман-заңгері болды.

2012-2014 жылдары ШҚО, Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы қызметін атқарған. 2015-2020 жылдары – ШҚО, Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеген. 2020-2021 жылдары – ШҚО, Тарбағатай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.

Тағайындалғанға дейін Ақсуат ауданы әкімінің орынбасары лауазымында болған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив