Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Қазақстан Сыртқы істер министрі Армения Елшісін қабылдады

6-04-2024, 19:30 Мадина Айдарова

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Армения Елшісі Армен Гевондянды қабылдады.

Сұхбат барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-армян ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы мен перспективалары, сондай-ақ 2024 жылғы 17-18 наурыз кезеңінде Министрдің Ереванға жұмыс сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылуы талқыланды.

Сонымен қатар алдағы аса жоғары және жоғары деңгейдегі сапарлар мен іс-шаралар кестесі қаралды.

Тараптар өзара қарым-қатынастардың кең ауқымы бойынша ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін атап өтіп, бірлескен жобаларды іске асыруға өзара мүдделілік білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив