Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Айдарбек Сапаров Ұлыбритания елшісімен екі ел арасындағы экспорт мәселесін талқылады

6-04-2024, 16:10 Мадина Айдарова

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 4 сәуірде Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич ханыммен кездесті. Күн тәртібінде экспорттық сертификаттар мен ынтымақтастық одан әрі дамыту және Ұлыбританиядан келетін өнімдердің түрлерін кеңейту мәселелерін талқылады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 2023 жылдың қорытындысы бойынша 59 миллион долларды құрағанын, бұл 2022 жылмен салыстырғанда (34,3 миллион АҚШ доллары) 72 пайызға артық екенін атап өтті. Айдарбек Сапаровтың айтуынша, Қазақстанның жоғары сапалы және экологиялық таза органикалық ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және экспорттаудағы әлеуеті зор. Өз кезегінде қазақстандық бизнес-қоғамдастық Ұлыбританияға балық, балық өнімдері, акваөсіру өнімдері, бекіре уылдырығы, ет және ет өнімдері, құс еті, сүт және сүт өнімдері, сондай-ақ құрғақ түйе және бие сүтін (саумал), сондай-ақ, тауарлардың кең түрлерін экспорттауға мүдделі.

Айдарбек Сапаров Ауыл шаруашылығы министрлігі британдық тараптан жануарлардан алынатын өнімдердің кейбір түрлеріне ветеринарлық-санитарлық талаптар алғанын айтты. Енді ведомство сүт өнімдері мен жылқы етін келісу процесін бастағысы келеді. Қазіргі таңда Ұлыбританиядан ЕАЭО елдерінің аумағына экспортталатын ІҚМ тұқымына ветеринарлық сертификат нысаны келісілді. Бүгінгі таңда ветеринарлық қызметтер арасында ветеринарлық сертификаттың тағы бес нысанын келісу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Өз тарапынан Кэти Лич Айдарбек Сапаровтың айтқан мәселелерін шешуге көмектесуге уәде берді, себебі Ұлыбритания Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив