Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Абай облысы сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы тағайындалды

8-04-2024, 11:43 Мадина Айдарова

Абаев Анзор Мициевич Абай облысы сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Анзор Абаев 1987 жылдың 26 қаңтарында Ақмола облысы Атбасар қаласында дүниеге келген. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Жерге орналастыру және кадастр» мамандығын, сондай-ақ 2012 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетін «Ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі» бойынша аяқтаған.

2010 жылы Астана қаласының «Жер қатынастары басқармасы» ММ жастар тәжірибесі бойынша тәжірибеден өтіп, еңбек шарты бойынша тіркеуші қызметін атқарған.

Әр жылдары «Астана қаласының жер қатынастары басқармасы» ММ, «Астана қаласының жер қатынастары және жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасы» ММ әртүрлі бөлімдерінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді

2018-2022 жылдары «Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ жер комиссиясының жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы болды. 2022 жылдан бастап «Абай облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ басшысы қызметін атқарды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив