Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
457.21 534.62 6.08

Сауда және интеграция министрлігі су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі бағаларға мониторинг жүргізуде

9-04-2024, 15:23 Мадина Айдарова

Министрлік су тасқынынан зардап шеккен облыстарда азық-түлік тауарларымен, оның ішінде ӘМАТ-пен қамтамасыз ету жағдайын бақылауда.

Алдын ала деректер бойынша су басқан өңірлерде 80 сауда нысаны зардап шекті (Павлодар облысында - 1, Қостанай облысында - 22, Ақтөбе облысында - 9, Атырау облысында - 35, Батыс Қазақстан облысында - 13 нысан). Залал сомасы нақтылануда. Қалған өңірлерде жағдай тұрақты.

Министрлік ірі сауда желілерімен бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігі және зардап шеккен өңірлерде азық-түлік тауарларын жеткізудегі іркілістер туралы уақтылы хабарлау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бағаның өсу фактілері анықталған жағдайда 8 (7172) 74-37-35 нөмірі бойынша, тауарлар тапшы болған жағдайда 8 (7172) 74-39-34 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив