Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Су ресурстары мен ирригация министрлігі ұлттық гидрогеологиялық қызметті құруды көздеп отыр

9-04-2024, 19:30 Мадина Айдарова

ОКҚ брифингінде ведомствоның ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева атап өткендей, соның арқасында ауыз сумен жабдықтау, суару және жайылымдық мал шаруашылығы үшін жер асты суларын ұтымды пайдалану мәселелері бақылауға алынады. Сондай-ақ іздестіру-барлау жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік мониторинг жүзеге асырылатын болады.

Қазіргі уақытта Министрліктің негізгі күш-жігері өзендердің ағынын реттеу және тасқын суларды өткізу үшін барлық гидротехникалық құрылыс пен су қоймаларының қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Осы сағатқа қарай еліміздің су қоймаларындағы жағдай былайша қалыптасуда: Ақмола облысының екі ірі су қоймасының орташа толтырылуы 99%-ды құрайды, екі нысан да транзиттік режимде жұмыс істейді. Су тасқыны шыңы өтті; Ақтөбе облысының екі ірі су қоймасының орташа толтырылуы да 99% -ды құрайды, нысандар транзиттік режимде жұмыс істейді, су ағынының төмендеуі байқалады. Су тасқыны шыңы да өтті; ШҚО-да бес ірі су қоймасының орташа толтырылуы 62%-ды құрайды, олардың барлығы штаттық режимде жұмыс істейді. Осы аптада су тасқыны шыңы күтілуде; БҚО-да 4 ірі су қоймасы орташа есеппен 60% -ға толтырылды, ол штаттық режимде жұмыс істеуде. Жайық өзенінде су тасқынының екінші толқыны күтіледі; Қарағанды облысының 4 ірі су қоймасы толығымен толтырылды, оларда су тасқыны шыңы өтті; Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа толтырылуы 96% құрайды, оларда су тасқыны байқалады.

«Қаратомар су қоймасы бойынша шиеленісті жағдай сақталуда. Су қоймасына құйылатын ағын секундына 2425 текше метрді құрайды, секундына 2640 текше метр су жіберіледі. Бірақ сағат сайын ағынның төмендеуі байқалады. Солтүстік Қазақстан облысының екі ірі су қоймасы 100% - ға толды, су әлі келіп жатыр», - деді Мөлдір Әбдуалиева.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив