Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
516.16 584.86 6.25

БҚО-дағы су тасқыны: Вице-премьер зардап шеккен аудандар мен эвакуациялау пункттерін аралады

9-04-2024, 12:54 Думан Кенжеғазыұлы

Премьер-Министрдің орынбасары Нұрлан Байбазаров су тасқыны жағдайына байланысты 26 наурыздан бері төтенше жағдай жарияланған Батыс Қазақстан облысында.

Облыстағы бірнеше өзеннде су деңгейі бірден көтерілді, оның ішінде Орал қаласы арқылы өтетін Жайық, Шаған, Дерқұл өзендері де бар. Бүгінде эвакуациялау орталықтарына 1000-ға жуық адам орналастырылған.

Нұрлан Байбазаров облыс әкімі Нариман Төреғалиевпен бірге бірнеше ауылды аралап, үйлері су басқан аймақта қалған жергілікті тұрғындармен кездесті. Сондай-ақ Орал қаласындағы эвакуациялау пункттеріне орналасқан тұрғындармен де кездесулер өткізілді.

Олар ыстық тамақпен, медициналық көмекпен, бірінші кезекте қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Өңірде Жайық өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты адамдарды эвакуациялаудың екінші кезеңі басталады. Басшылық 30 мың орындық пункттер дайындады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив