Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай-33°С
  • Аягөз-39°С
  • Ақсуат-33°С
  • Бородулиха-26°С
  • Қалбатау-31°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-33°С
  • Үржар-30°С
441.58 480 4.86

Абай облысында су тасқынынан келтірілген залал есептеліп жатыр

10-04-2024, 16:41 Мадина Айдарова

Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-де бейнебайланыс арқылы сөйлеген сөзінде су тасқынынан келген залалды есептейтін комиссияның жұмысы да аяқталатынын атап өтті.

Димитрий Гариков облыс аудандары тұрғындарына келтірілген залал мөлшері алдын-ала есептеу бойынша 57 млн теңгені құрайтынын атап өтті.

«Бүгінгі таңда Абай облысы бойынша су тасқыны жағдайы тұрақталды. Су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізудің барлық кезеңінде облыс аумағында 22 тұрғын үй су астында қалды. Бүгінгі таңда залалды есептеу жөніндегі комиссияның жұмысы аяқталуда. Алдын-ала есептеу бойынша зардап шеккен үй құрылыстары, техника, үй жануарлары, жеке мүлікті ескере отырып, залал шамамен 57 млн теңгені құрайды. Комиссия жұмысын 15 сәуірде аяқтау жоспарлануда», - деп атап өтті Димитрий Гариков.

Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Аягөз және Ақсуат аудандарында енгізілген ТЖ режимі 3 сәуірде тоқтатылғанын атап өтті.

«Айта кететін бір жайт, үйлер ең ұзақ дегенде 12 сағатқа дейін су астында қалды. ЖАО мен ТЖД қызметкерлерінің жедел іс-қимылдарына сәйкес үйлерден су тартылды. Жалпы, облыстың барлық аудандары су басу қауіпі болғанымен, тек екі ауданда – Аягөз және Ақсуатта ТЖ режимі жарияланды. Аталған аудандарда Төтенше жағдай режимі 3 сәуірде тоқтатылды», – деді спикер.

Сондай-ақ, Димитрий Гариков облыстың инфрақұрылымына келтірілген залал 2,5 млрд теңгеге бағаланатынын атап өтті.

«Бүгінде су тасқыны салдарынан 4 көпірге нұқсан келді, оның 2 – і ірі көпірлер. Қазіргі уақытта Аягөз ауданының бір ауылы көлік қатынасынсыз қалып отыр. Инфрақұрылым бойынша комиссияның жұмысы да аяқталды, шамамен 2,5 млрд теңге шығын келгені анықталды. Су тасқынына қарсы іс-шаралар кезінде тікұшақ пайдаланылып, 700 келі гуманитарлық көмек жеткізілді. Су басу қаупі жойылды, өңіртдегі су тасқыны жағдайы тұрақты», - деп қорытындылады Димитрий Гариков.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив