Айман Нұрлыбек Абай облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы болып тағайындалды
Айман Нұрлыбек 1989 жылы 13 сәуірде дүниеге келген. 2008 жылы Өскемен экономика және қаржы колледжін «Бағалау» мамандығы бойынша, 2011 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы «ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ статисті болып бастаған. «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау бақармасы» ММ агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық аумақтар бөлімінде түрлі лауазымдарда еңбек еткен.
2014 жылы «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау бақармасы» ММ денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, ішкі және жастар саясаты бөлімінің бас маманы, 2014-2016 жылдары- «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ экономиканың базалық салалары және туризм бөлімінің бас маманы қызметтерінде болған.
2018-2020 жылдары – «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ экономиканың базалық салалары және туризм бөлімінің басшысы, 2020 жылдан 2022 жылға дейін Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің жұмыспен қамту мәселелері бойынша басшысының орынбасары болды. 2022-2024 жылдары – «Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ басқарма басшысының орынбасары болып еңбек етті.
Жаңа қызметке кіріскенге дейін «Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ басқарма басшысының міндетін атқарушы қызметін атқарды.