Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Ертай Мүбаракұлы Қуанбаев Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды

11-04-2024, 10:09 Мадина Айдарова

Ертай Мүбаракұлы Қуанбаев 1989 жылы 2 желтоқсанда дүниеге келген. 2008 жылы ШҚМУ колледжін, 2011 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген. 2021 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетін «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2012-2016 жылдары ШҚО, «Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2016-2019 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығын дамыту және субсидиялау бөлімінің бас маманы, 2019-2022 жылдары Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығын дамыту және субсидиялау бөлімінің басшысы болды.

2022 жылы Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бөлімінің басшысы болды.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін «Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив