Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Қарулы күштердің әскери қызметшілері су тасқынымен күресуде тәулік бойы халыққа көмек көрсетуде

11-04-2024, 13:55 Мадина Айдарова

Ақтау гарнизонынан Атырау облысының Махамбет ауданына жер учаскелері мен елді мекендерді су басуының алдын алу үшін  қорғаныс ведомствосы 600-ден астам әскери қызметшіні, оның ішінде 300 теңіз жаяу әскерін жіберді.  

Өткен тәулікте су тасқынына қарсы іс-шараларға 1 526 әскери қызметші, 104 бірлік автомобиль техникасы және 3 армиялық авиация тікұшағы жұмылдырылды. Әуе көлігімен 39 адам тасымалданды, 4 100 келі жүк жеткізілді, 6 100 дана құм салынған қапшықтар толтырылып, төселді.

Мұз кептелістерін жою және су ағысының көлемін ұлғайту үшін «Батыс» ӨңҚ әскери инженерлері Жем өзенінде екі рет мұзды жару жұмыстарын жүргізді. Атырау облысының Құлсары қаласында Маңғыстау облысы аумақтық қорғаныс бригадасының 187 әскери қызметшісі ауысыммен қаланың периметрі бойынша бөгетті қалпына келтіру және құм салынған қаптарды төсеу жұмыстарымен айналысуда. Осындай жұмыстарды «Батыс» ӨңҚ 99116, 41433, 41321, 21642 әскери бөлімдерінің жеке құрамы да атқарып жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысы аумақтық қорғаныс бригадасының жауынгерлері Петропавл қ. маңындағы Заречный ауылының маңайында Есіл өзенінің бөгетін нығайту үшін 1 000-нан астам құм қап дайындады. Төтенше жағдайлар департаменттері мен Полиция қызметкерлерімен бірге олар Заречный тұрғындарын эвакуациялауға қатысты. 

Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылында Астанадан келген 68665 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ауылдың айналасын күшейту үшін 8000 қап құм дайындады. Екінші топ «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ мамандарымен бірлесіп Петропавл қаласының маңындағы айналма жолды нығайтумен айналысты. Қалған екі топ Жылыжай және Прибрежное ауылдарында су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізді. Осы бөлімнің жүз әскери қызметшісі Петропавл қаласының Заречное ауылының маңындағы бөгетті күшейту бойынша жұмыстарға кірісті.  

Ақтөбе облысындағы Ойыл өзенінде әскери қызметшілер ұйымдастырған 58012 паром өткелі бойынша 235 тұрғын эвакуацияланды, 29 тоннаға жуық жүк тасымалданды. Ақтөбе облысы Келешек елді мекенінің тұрғындары тастап кеткен үйлерін, мүліктерін қорғау жөніндегі іс-шараларға «Батыс» өңірлік қолбасшылығы 30238 әскери бөлімінің әскери қызметшілері атсалысты. 

Батыс Қазақстан облысының аумақтық қорғаныс бригадасы Орал қаласының Шаған ауданына жұмылды. 6-шы шағын ауданда олар Қырғызстаннан келген гуманитарлық жүкті түсіруге тартылды. 

27 наурыз бен 9 сәуір аралығында іс-шараларға барлығы 3 072 әскери қызметші, 173 бірлік автомобиль техникасы, 14 тікұшақ, 4 әскери-көлік ұшағы жұмылдырылды. Қарулы күштердің жеке құрамымен 2 359 адам, оның ішінде 745 бала эвакуацияланды. 115 тоннадан астам жүк тасымалданды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив