Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Әзербайжаннан қылмыстық топтың басшысы экстрадицияланды

11-04-2024, 17:26 Мадина Айдарова

Бас прокуратура және Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің көмегімен ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны және оның қызметіне басшылық еткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Әзербайжаннан қазақстан азаматы экстрадицияланды , - деп хабарлайды 018.kz тілшісі Мадина Айдарова Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2016-2018 жылдары аралығында күдікті Қазақстанға халық тұтынатын тауарларды контрабандалық жолмен әкелумен айналысқан, сондай-ақ кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтарған қылмыстық топты тікелей басқарды. Осы қызметтің нәтижесінде мемлекетке 4 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген.

Қылмыс жасағаннан кейін ол тергеуден жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланды.

Кейін күдікті Әзербайжан аумағында ұсталды.

Әзербайжан Республикасының Бас прокуратурасымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының оны ұстап беру туралы сұрау салуы қанағаттандырылды.

Қазіргі уақытта ол Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Айта кетейік, 2019 жылдың желтоқсанында Маңғыстау облысының соты осы ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметіне қатысы бар 12 адамды түрлі жазаға соттады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив