Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
530.47 613.75 6.56

Үржар ауданындағы балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына қосымша ғимарат салынады

12-04-2024, 09:00 Мадина Айдарова

Үржар ауданындағы «Үржар балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ екі қабатты қосымша ғимараттың құрылысы жүргізілуде. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында іске асып жатқан жұмыстардың мердігері – «ГрадСтройСервис» ЖШС.

Қазіргі таңда нысанның 1 қабатының сыртқы қабырғасы мен ішкі аралық қабырғалары қаланып бітті. Дәл осындай жұмыстар екінші қабатта жүргізілуде.

Құрылыс басында 8 құрылысшы, 6 бетон құюшы, 2 жүргізуші және учаске бастығы жұмыс істейді. Сондай-ақ, құрылыстың жобаға сәйкес және қауіпсіздік ережелеріне сай орындалуын қадағалайтын инженерлер бар.

Айта кетейік, құрылыстың әрбір кезеңі белгіленген мерзім мен сапалы жүзеге асырылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив