Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «KEGOC» АҚ-ға жедел топтар жұмылдыруды тапсырды

11-04-2024, 21:05 Мадина Айдарова

Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданы, Қызылжар, Есіл, Жамбыл және Мамлют аудандарындағы су тасқыны жағдайын Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр әуеден бақылады. Ұшу барысында ол Сергеевка, Тимирязево және Степное ауылдарындағы бөгеттер мен үйінділерді нығайту жұмыстарының дайындығын тексерді.

Бірінші вице-премьер сонымен қатар ауылдық округтер мен аудан әкімдерінің су тасқынына қарсы атқарылған іс-шаралар туралы есептерін тыңдап, Степное ауылы тұрғындарымен кездесті.

Петропавл қаласындағы «СҚ ЭТК» АҚ («Солтүстік Қазақстан электр тарату компаниясы» АҚ) жұмысын тексеру барысында Роман Скляр қаланы үздіксіз электрмен қамтамасыз ету үшін кезекші топтарды жұмылдыру және энергетиктердің «KEGOC» АҚ авариялық-құтқару жасақтарымен ынтымақтастығы маңызды екенін атап өтті. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары «KEGOC» АҚ мамандарына ЭТК-мен тұрақты байланыста болуды тапсырды.

«KEGOC операторының энергетиктері төтенше жағдай кезінде жан-жақты қолдау көрсетеді. ЭТК-нің 46 жедел тобының барлығы тәулік бойы кезекшілікке жұмылдырылуы тиіс. Су тасқыны кезеңінде тұрақты энергиямен қамтамасыз ету қажет. Бұл азаматтар эвакуацияланған елді мекендердегі электр қуатын өшіру процесіне де қатысты; адамдар үйлеріне қайта оралған кезде электр қуатын ешбір апатсыз қайтарылуы үшін бүкіл процесті бақылауда ұстау қажет», — деді Роман Скляр.

Естеріңізге сала кетейік, су тасқыны қаупі бар аймақтарда бөгеттер салу және нығайту жұмыстары аяқталды. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары мобильді топтарға қорғаныс бөгеттерінің жағдайын қадағалап, судың келуін бақылауды тапсырды. Солтүстік Қазақстан облысында барлығы 162 шақырымнан астам арна кеңейтіліп, тереңдетілді.  15 км бөгеттер нығайтылды. Республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар арқылы 17 қарғын су тасқыны тіркелді.

Су тасқынына қатысты жағдай ерекше бақылауда. Солтүстік Қазақстан облысының аудандарында және Петропавл қаласында жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істеуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив