Қазақстан мен Финляндия: жалпы құны 32,5 млрд теңге болатын 11 жаңа өндіріс орнын іске қосу жоспарлануда
Бұл туралы Қазақстан-Финляндия ХПК сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі 13-ші отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова айтты.
Кездесуге Қазақстан тарапынан ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, ҚР Финляндиядағы Елшісі Жанна Сартбаева, Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, Финляндиядан – Сыртқы сауда министрі және Финляндияны дамыту Вилле Тавио, Финляндияның ҚР Елшісі Соили Мекелейнен-Буханист, Сыртқы істер министрлігінің сауда және ынтымақтастықты дамыту жөніндегі дипломатиялық кеңесшісі Микко Оутти қатысты.
Вице-министр Қазақстан мен Финляндия қатынастарының 2023 жылы 14,3 млн. құрайтын ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі жетістіктерін атап өтті,
Сондай-ақ, Жаннат Дүбірова ағаш өңдеуге құйылған инвестиция көлемі 31%-ға өсіп, 3,3 млрд теңгеге жеткені туралы мәліметтермен бөлісті.
«2027 жылға қарай ағаш өңдеу өнеркәсібінде құны 32,5 млрд теңгені құрайтын 1400 жұмыс орны бар 11 жаңа өндіріс орнын іске қосу жоспарлануда», – деді вице-министр.
Мемлекет жаңа инвестициялық жобаларды іске қосуға, сондай-ақ қолданыстағыларын қолдауға бірқатар артықшылықтар, жеңілдіктер мен преференциялар ұсынады. Министрлік шикізатты тиімді пайдалана отырып, ағаш өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамыту міндетін белгіледі.