Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
509.51 570.6 6.3

Ғылымның ашық моделіне көшу жалғасуда

12-04-2024, 16:53 SHAKARIM UNIVERSITY

Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев ғылымның ашық моделін қалыптастыру үшін кешенді шараларды жүзеге асыру керектігіне тоқталды.

Кеңестің отырысында қазіргі кезде елімізде ғылым саласында ауқымды іс-шаралар қолға алынғаны, әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы мықты ғылыми орталықтар мен институттарды ашу жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру туралы да айтылды. Бұл бағытта әрбір ғылым орталықтары, жоғары оқу орындар, зерттеу институттары өз үлестерін қосатыны белгілі.

Қазіргі кезеңде Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан университет ғылымын қолдау, ғылымды коммерцияландыру, кадрлық әлеуетті нығайту және т.б. ғылымның ашық моделін қалыптастыру жөніндегі міндеттерді іске асыру жүргізіліп жатыр. Отандық ғылымның өндірістің жаңа технологияларына бағытталуы тиіс екендігі де бүгінгі күні жиі айтылуда.

«Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында ғылымды әкімшілендірудің жаңа моделін енгізу бағытындағы жұмыстар да қолға алынуда.

Ғылымның ашық моделі мемлекет пен бизнестің әріптестігі қағидаттарына негізделеді. Жаңа модельді құрудың негізгі қағидаттарының бірі университет ғылымының дамуы. Аталған мәселелер Шәкәрім университетінде де қолға алынуда. Әрбір ғалым отандық ғылымды дамытуда өз үлесін шынайы қосуы керек деген тұжырымды университет ғалымы ретінде қолдаймын.

Назигүл Газизова

Shakarim University

қауымдастырылған профессоры

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив