Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Астанада ЮНЕСКО әзірлеген білім саласындағы ұлттық саясат пен бағдарламаларды талдау нәтижелері таныстырылды

13-04-2024, 09:45 Мадина Айдарова

ЮНЕСКО білім саласындағы ұлттық саясат пен бағдарламалардың талдауын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының жобасы шеңберінде әзірледі.

Оның нәтижелерін таныстыруға мәдениет және ақпарат, оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім министрліктерінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның, білім ұйымдарының, БҰҰ агенттіктерінің өкілдері және сарапшылар қатысты.

Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Найла Мұхтарова гендерлік теңдік орнату және Қазақстандағы барлық әйелдер мен қыздардың құқығы мен мүмкіндігін кеңейту үшін БҰҰ агенттіктерімен бірлесіп, Байланысты грант шеңберінде жобаны іске асырудың  маңызын атап өтті.

«Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында гендерлік саясатты іске асыру жөніндегі тәсілдер, оның ішінде гендерлік оқытуды дамыту белгіленген.

Білім институты жас ұрпақты гендерлік оқыту мен әлеуметтендіруде маңызды рөл атқарады, өйткені ол барлық балалар мен жасөспірімдерді қамтиды. Гендерлік әлеуметтену агенттері – тәрбиешілер, мұғалімдер, сыныптастар және білім беру процесінің басқа да қатысушылары.

Оқыту мен тәрбиелеу процестерінің, сондай-ақ оқу бағдарламасының өзара байланысын ескере отрып, біз кемсітуге қарсы мәдениетті білімге енгізу үдерісіне ерекше назар аударамыз», –  деді Найла Мұхтарова.

Алматыдағы ЮНЕСКО өңірлік кеңсесінің білім бағдарламасы бойынша ұлттық маманы Мейргүл Алпысбаева Қазақстанда гендерлік тепе-теңдікке қол жеткізілгенін атап өтті.

Оның айтуынша, ЮНЕСКО білімдегі гендерлік теңдікке қол жеткізуде гендерлік теңдікті қамтамасыз етуді ғана емес, сонымен қатар білім жүйелерін гендерлік бағдарланған және гендерлік теңдікке ықпал ету үшін нығайтуды, сондай-ақ білім беру арқылы қыздар мен әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді.

Іс-шараға қатысушылар жүргізілген жұмыстың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ ұсыныстар мен оларды іске асыру жолдарын талқылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив