Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.61 534.53 5.28

Қарағанды жоғары оқу орнының әскери кафедрасына оқушылар келді

13-04-2024, 10:09 Мадина Айдарова

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды политехникалық университетінің әскери кафедрасы әскери-патриоттық жұмыс айлығы аясында оқушыларға есігін айқара ашты.

Нұркен Әбдіров атындағы мектептің 5-ші сынып оқушылары әскери кафедраның оқу-материалдық базасымен, әскери техникасымен және қару-жарақ үлгілерімен танысты.

– Әскери кафедраның ашылғанына 70 жылдан асты. Ол 1953 жылы Қарағанды тау-кен институтында ашылды. Осы жылдар ішінде бұл жерден 22 мыңнан астам запастағы офицер мен сержант шықты. Олардың көпшілігі бүгінгі күнге дейін еліміздің Қарулы күштерінде және басқа да күштік ведомстволарында абыроймен қызмет атқарып жүр, – деді әскери кафедра бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары запастағы подполковник Алмас Нұғманов.

Балалар ұйымдастырушыларға танымдық экскурсия үшін алғыстарын білдірді. Бронды машиналар мен артиллериялық жүйелер олардың ерекше қызығушылығын тудырды.

– Мен әскери техниканы алғаш рет жақыннан көрдім, тіпті танк кабинасында да отырдым. Мұндай машинаны басқару оңай емес шығар. Енді мен әскери мамандықты игеру үшін нені білу керек және оның қандай қасиеттері болуы керек екенін де ойлайтын болдым, – деді бесінші сынып оқушысы Әлжан Сәдуақасов.

Подполковник Алмас Нұғманов қазіргі уақытта курсанттар үш цикл – "артиллерияны ұрыста қолдану", "танк бөлімшелерін жауынгерлік қолдану" және "арнайы әскерлерді жауынгерлік қолдану" бойынша оқитынын түсіндіріп берді.

Политехникалық университеттің әскери кафедрасына түсу үшін құжаттарды қабылдау 20 мамырдан басталады. Оқу офицерлерді дайындау бойынша тоғыз және сержанттарды даярлау үшін алты әскери-есептік мамандық бойынша жүзеге асырылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив