Cемей-6°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Қазақстан мен Финляндия ғылым және білім саласында әріптестікті нығайтуға ниетті

13-04-2024, 11:43 Мадина Айдарова

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Финляндияның сыртқы сауда және халықаралық дамуды қолдау министрі Вилле Тавиомен кездесті. Жүздесу барысында мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды.

Тамара Дүйсенова Қазақстан мен Финляндия арасында ғылым мен білім салаларында өзара тұрақты әріптестік байланыс қалыптасқанын атап өтті. Бүгінде еліміздің мектептерінде буллингке қарсы KiVa фин бағдарламасы пилотты түрде енгізілуде.

«Қазақстан орман және су шаруашылығы саласында кадр дайындауға бірлесе күш салуға мүдделі. Бүгінде елімізде шетелдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жұмысы жүріп жатыр. Бұл шара аймақтардағы ғылым мен инновациялардың дамуына ықпал етеді. Осы ретте елімізде Хельсинки университетінің филиалын ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын», — деді Тамара Дүйсенова.

Вице-премьер сондай-ақ инвестиция саласында да бірлесе жұмыс атқаруға шақырды. Қазақстан мен Финляндия арасындағы сауда айналымы былтыр $210 млн-ды құраған.

Өз кезегінде Вилле Тавио Қазақстан Еуроодақ үшін Орталық Азиядағы ірі серіктестердің бірі екендігін атап өтті. Сондықтан Финляндия түрлі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі.

Кездесу нәтижесінде тараптар білім және ғылым, денсаулық сақтау, энергетика, экология, металлургия, көлік өндірісі және т.б. салаларда әріптестік қарым-қатынасты дамытуға дайын екендерін білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив