Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы тағайындалды

13-04-2024, 17:26 Мадина Айдарова

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Кеген Ахметұлы Тұрсынбаев Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Кеген Ахметұлы Тұрсынбаев 1971 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1993 жылы Ленин комсомолы атындағы екі мәрте Қызыл Тулы Рязань жоғары десанттық командалық училищесін, 2001 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетін, 2013 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірді.

Әр жылдары ҚР Республикалық ұланы, ҚР Президентінің Күзет қызметі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі және ҚР ІІМ қатарында қызмет еткен.

2024 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының міндетін уақытша атқарушы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив