Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

«Қазақконцерт» әртістері Болгарияда өнер көрсетті

13-04-2024, 19:30 Мадина Айдарова

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының солистері мен шығармашылық ұжымы Болгарияда өнер көрсетті. Музыкалық іс-шара София қаласыныі Sofia Balkan Palace сахнасында болды.

Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Біржан Айтахметов, Ардақ Елеусіз, Ақерке Тәжібаева, Венера Табыс пен «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солистері белгілі қазақ композиторларының күйлерін орындап, қазақ мәдениеті мен өнерін көпшілікке паш етті.

Концерттік бағдарламада «Сарыарқа», «Ана туралы жыр», «Балбырауын», «Ата толғауы», «Адай», «Науысқы», «Кертолғау», «Аққу», «Желсіз түнде жарық ай» сияқты шығармалар орындалды.

Мәдени шараны Қазақстанның Болгариядағы Елшілігі ұйымдастырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив