Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

14-04-2024, 10:54 Мадина Айдарова

Аэровизуалды тексеру және дрондарды пайдалану арқылы өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізілуде.

Су тасқыны салдарын жою, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шаралар мен авариялық-құтқару жұмыстары, еріген қар суын бұру, инертті материалдар салынған қаптар төсеу, каналдарды, арық жүйелерін жағаларын нығайту жұмыстары, құлақтандыру және адамдарды қауіпсіз жерлерге  эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.

Зардап шеккен өңірлерге 1 400 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 4 870 жеке тұрғын үй, 1 264 аула аумағы су астында қалуда. Бірлескен күштермен 9,3 млн. астам текше метр еріген қар суы сорылды, 1,9 млн. қапшық және 1,2 млн. тонна инертті материал төселді. 3 402 тұрғын үй мен 2 041 аула аумағынан су бұрылды.

Су тасқыны басталғалы бері 107 119 адам, оның ішінде 38 457 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Тартылған әуе кемелерімен 3 458  адам, оның ішінде 1 138  бала құтқарылды. 11 674 адам үйлеріне оралды.  Уақытша орналасу пунктеріне 7 414 адам, оның ішінде 3 173 бала орналастырылды. 103 146 ауыл шаруашылық жануар қауіпсіздік жерге айдалды. «Жедел желі» телефонына 1 618 қоңырау түсті, психологтар зардап шеккен адамдарға писхологиялық көмек көрсетуде.

Су жүрген 103 автожол, су шайған 109 автожол, оның ішінде көпір және 100 жол төсемі бақылауда қалуда. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 84 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды.

Ақмола облысында Жабай, Қалқұтан, Есіл өзендерінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Сандықтау ауданының Быстрымовка, Сандыктау, Каменка, Балкашино ауылдарында, Астрахан ауданының Еңбек, Қалқұтан, Ягодное ауылдарында, Атбасар ауданының Самара ауылында жеке тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады және су астында қалды. 242 адам алдын ала эвакуацияланды, олар эвакуациялау пункттері мен туыстарының үйлеріне орналастырылды. Су тасқынына қарсы іс-шаралар және халыққа көмек көрсету жұмыстары жалғастырылуда. Өзендер деңгейіне мониторинг жүргізіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Петропавл қаласының Подгора және Хромзауыт шағын аудандарында,   Қызылжар ауданының Тепличное, Бескөл, Прибрежное ауылдарында 1 068 жеке тұрғын үй су астында қалды.  3 684 адам алдын ала эвакуацияланлды. Су тасқынын жою және эвакуациялау жұмыстары жалғастырылуда.

Ақтөбе облысында Торғай өзенінде су деңгейінің жоғарылауына байланысты әуе кемесімен Ырғыз ауданының Мамыр, Нұра және Белшер елді мекендерінен тұрғындарды алдын ала эвакуациялау жүргізілді. Барлығы 121 адам эвакуацияланды. Нұра, Мамыр, Жайсанбай және Тәуіп елді мекендерінде жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда.

Тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ҚМ, ІІМ, ҰҚК, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 35 339 адам,  3 450 бірлік техника, 744 су сору және 257 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив