Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңінде нені ескеру керек?
Елімізде биыл жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды. Табыс пен мүлік декларациясына енгізілген өзгерістер тақырыбын кеңінен тарқату мақсатында бүгін өңіріміздің басты ақпарат алаңында кірістер департаменті Жалпыға бірдей декларациялау бөлімінің басшысы Айнаш Мусаинова қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Декларацияны табыстау кезінде Қазақстандағы және шетелдегі активтер туралы мәліметтер толыққанды болуы қажет. Себебі, декларацияланған активтердің құны болашақта салық салынатын табысты айқындау кезінде ескеріледі. Сондықтан декларацияны толтырмас бұрын тиісті растайтын құжаттарды алдын ала дайындау керек.
Бүгінгі таңда азаматтардың 99% - ы декларацияларды электронды түрде ұсынады. Декларацияны «Салық төлеуші кабинеті», «Электрондық үкімет» веб-порталдары, «e-salyqАzamat», Halyk, Bank CenterCredit мобильді қосымшалары арқылы ұсынуға болады.