Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
539.54 637.09 6.52

ШҚО-да су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру жөніндегі облыстық штабтың отырысы өтті

16-04-2024, 10:27 Мадина Айдарова

ШҚО әкімдігінде облыс әкімі Ермек Көшербаевтың төрағалығымен су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру жөніндегі облыстық штабтың отырысы өтті.

Оған ШҚО-ға жұмыс сапарымен келген ҚР ТЖМ ТЖ жою департаментінің бастығы да қатысты.

Қазіргі уақытта облыста су тасқыны құбылыстарының қаупі Риддер қаласында, Алтай, Самар, Марқакөл, Глубокое, Катон-Қарағай, Күршім және Шемонаиха аудандарына төніп тұрғандығы атап өтілді. Бұл аудандарда мобильді топтар тәулік бойы мониторинг жүргізеді, жағалауды нығайту және түбін тереңдету жұмыстары, бөгендер салу, қапшықтар төсеу жұмыстары жүргізілді.

Өскемендегі су тасқыны қаупі бар орындар тексеріліп, алдын алу шаралары жүргізілді.

Басты нәтиже - тұрғын үйлерді, елді мекендерді және инфрақұрылымды су басуға жол бермеу үшін барлық бағыттар бойынша жұмысты күшейту бойынша нақты міндеттер мен тапсырмалар қою.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив