Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

2023 жылғы қаңтар-наурыздағы Абай облысының өнеркәсіп жұмысының қорытындылары

16-04-2024, 10:54 Мадина Айдарова

2023 жылғы сәйкес көрсеткішпен салыстырғанда өнеркәсіптік өнімінің нақты көлемінің өсуі 2024 жылғы қаңтар-наурыздағы өнеркәсіп өндірісінің нәтижесі болып табылады.

Өнеркәсіптік кәсіпорындармен және өндірістермен 416,8 млрд. теңгеге өнім (тауар, қызмет) шығарылды, бұл өндірістің республикалық көлемінде 3,6%-ды құрайды. Өнеркәсіптік өндірістің индексінің көрсеткіші 2023 жылғы қаңтар-наурыздағы деңгейге қатысты алғанда 101,5%-ға бағаланды.

Облыстың өнеркәсіп өндірісінің құрылымында ең жоғарғы үлес (69,5%) тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу тиесілі. Өңдеу өнеркәсібіне 26,6%-ды, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 3,4%-ды, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет – 0,5%-ды құрады.

2024 жылғы қаңтар-наурызда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 289,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейіне қарағанда 2,6%-ға жоғары. Металл кендерін өндіруі 1,2%-ға артты.

2024 жылғы қаңтар-наурызда өңдеу өнеркәсібінде 111,1 млрд. теңгеге өнім өндірілді, есепті кезеңде  2023 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіптік өндірістің индексі 99,7%-ды құрады. Тамақ өнімдерін өндіруде – 4,5%-ға, машина жасауда – 15,9%-ға өсуі байқалады.

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда 14,1 млрд. теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) өндірілді, өнеркәсіптік өндірістің индексі 105,2%-ды құрады. Электр энергиясын өндіру, беру және таратуда – 10,2%-ға өсу байқалды.

Сумен жабдықтауда; қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте 2,1 млрд.теңгеге өнім өндірілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 19,7%-ға жоғары. Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) 39,0%-ға өсуі байқалады, суды жинау, тазарту және бөлуде –  2,7%-ға.

Облыс өңірлері ішінде өнім көлемі бойынша ең жоғары үлестік салмақты Аягөз ауданының өнеркәсіп өндірісі алады (өндіріс көлемінің 48,4%-ы), Семей қаласында өнеркәсіп өндірісі облыстық көлемінің 25,8%-ы, Жарма ауданында – 20,8%-ы, Бородулиха ауданында – 4,0%-ы өндірілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив