Абай облысында тауарлар мен қызметтерді өткізу туралы
2024 жылғы қаңтар-наурызында жедел деректер бойынша бөлшек сауда тауар айналымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,9%-ға өсті және 109,3 млрд. теңгенi құрады.
Бөлшек тауар айналымының республикалық көлемінде Абай облысы 14-орын алады, бөлшек тауар айналымының республикалық көлеміндегі үлесі 2,7%-ды құрады.
Бөлшек сауданының негізгі бөлігін базарларда сауда жасайтын және жеке сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар қамтамасыз етті. Олардың сауда айналымы облыстың бөлшек сауда айналымының 76,0%-ын құрады және 2023 жылғы қаңтар-наурызымен салыстырғанда 3,0%-ға азайды.
Саудамен айналысатын кәсіпорындар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,0%-ға артты және облыстың бөлшек сауда тауар айналымының 43,0%-ын құрады.
Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде 74%-ын азық-түлік емес тауарлары, 26%-ын азық-түлік тауарлары құрады.
Сауданың едәуір көлемі Семей қаласына – 83,2 млрд. теңге немесе облыстың тауар айналымының 76%-ы тиесілі. Аягөз ауданына 5%, Жарма ауданына –4,0%-дан, Үржар ауданына – 5%-дан,Бородулиха ауданына -3%-дан келеді. Қалған өңірлердің үлесі 2% (Курчатов қаласы) 1%-ға дейін (Абай ауданы) , 1%-ға дейін (Көкпекті ауданы), 2%-ға дейін (Бесқарағай ауданы) 1%-ға дейін (Ақсуат ауданы) ауытқиды.
2024 жылғы қаңтар-наурызында көтерме сауда көлемі 54,6 млрд. теңге сомасында немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне қарағанда 108,9% қалыптасты. Көтерме сауда тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер 63,0%-ды, азық-түлік тауарлары – 37,0%-ды құрайды.