Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
472.03 540.29 6.11

Бородулиха ауданының прокуратурасы бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады

16-04-2024, 11:43 Мадина Айдарова

Прокуратура аудандағы мектептердің бірінің есепшісімен 2,8 млн. теңге қаражатын ұрлау фактісін анықтады, - деп хабарлайды 018.kz тілшісі Мадина Айдарова Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есепші мектеп директорының электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, ақшаны жеке шотына аударған.

Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы ҚК 189-бабының 2-бөлігі 3-тармағы бойынша (өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыр) сотқа дейінгі тергеуді бастап, материалдарын экономикалық тергеу қызметіне жолдады.

Қазіргі уақытта бұрынғы есепші заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив