Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
451.31 504.56 5.36

Сенатта Қазақстан мен Қытайдың азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетудегі ынтымақтастығы жөніндегі заң талқыланды

16-04-2024, 21:58 Мадина Айдарова

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізді. Онда Қазақстан мен Қытайдың ынтымақтастығына қатысты заң талқыланды.

Заңның міндеті – екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғаудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамыту болып отыр.

Құжатта Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік соттардың шешімдері мен өтініштерін орындау саласында құқықтық көмек көрсету жөніндегі сот органдарының функцияларын нақтылау, сондай-ақ екі тараптың құзыретті мекемелеріне басымдық беру көзделуде.

Депутаттар отырыс қорытындысы бойынша «1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив