Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Бағдат Мусин Starlink ауқымын кеңейтуді талқылау үшін SpaceX компаниясымен кездесті

17-04-2024, 13:10 Мадина Айдарова

Кеше Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин SpaceХ жаһандық лицензиялау және белсендіру жөніндегі директор Ребекка Хантермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстанда Starlink технологиясын кеңейту, ауылдық мектептерді кең жолақты интернетпен жабдықтау, сондай-ақ цифрлық жобаларды дамыту мәселелері талқыланды.

Starlink-ке қосылған Шұбар ауылынының мектебін SpaceX өкілдері өз көздерімен көріп қайтып, кездесі барысында оң ойларымен бөлісті.

"Әріптестермен көрісіп, ҚР Президентінің тапсырмасымен Space X компаниясының жобасын іске асыру жолдары туралы сөйлескеніме қуаныштымын", - деп атап өтті Министр.

Бүгінгі таңда 447 ауылдық мектеп Starlink технологиясын қолдана отырып интернетпен қамтамасыз етілген. Терминалдарды орнатқаннан кейін мектептердегі Интернеттің орташа жылдамдығы 200 Мбит/с жетеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив