Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
458.85 503.5 5.59

Азиялық бағыттағы көпжақты ынтымақтастық мәселелер бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы сімаралық консультациялар туралы

17-04-2024, 20:57 Мадина Айдарова

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев пен Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденконың қатысуымен Азиялық бағыттағы көпжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша консультациялар өтті.

Іс-шара шеңберінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі, сондай-ақ басқа да өңірлік ұйымдар аясындағы ынтымақтастық мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.

Делегация басшылары өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз етуде, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуда және мәдени байланыстарды нығайтуда екі елдің дәстүрлі сындарлы өзара іс-қимыл бойынша мәселелер аталып өтті.

Тараптар аса жоғары және жоғары деңгейдегі кезекті екіжақты кездесулердің кестесі бойынша пікір алмасты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив