Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
451.31 504.56 5.36

Ташкентте Қазақстан-Өзбекстан консулдық консультациялары өтті

17-04-2024, 21:18 Мадина Айдарова

Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары Азамат Әубеков пен Өзбекстан Республикасы СІМ Консулдық-құқықтық департаменті басшысының орынбасары Вахит Тұрсыновтың басшылығымен Қазақстан мен Өзбекстанның сыртқы саяси ведомстволары арасында кезекті консулдық консультациялар өтті.

Консультациялар барысында тараптар консулдық және көші-қон саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, оның ішінде азаматтық мәселелеріне, сондай-ақ екі ел азаматтарының өзара сапарларының шарттарына ерекше назар аударылды.

Консультациялар соңында тараптар екі елдің құзыретті мекемелері арасындағы ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделілігін растады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив