Cемей30°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Конституциялық Сотқа келіп түскен өтініштер туралы ақпарат

26-02-2023, 19:17 Думан Кенжеғазыұлы

А.ж. 24 ақпандағы жағдай бойынша Конституциялық Сотқа азаматтардан бір жарым мыңдай өтініш келіп түсті.

Оларға анализ жасау барысында мыңнан аса өтінішке түсіндірмелермен жауаптар жолданып, 400-дейі қарастырылып жатқаны анықталды.

Өтініш берушілердің көбінесе соттардың шешімдерімен келіспеу - 49%-ы, 23%-ы нормативтік құқықтық актілерді немесе олардың жекелеген ережелерін конституциялық емес деп тану, 3%-ы ақпаратқа қол жеткізу, 2,5%-ы еңбек және зейнетақымен қамсыздандыру, 1,7%-ы қылмыстық-атқару жүйесі және өзге де мәселелер бойынша жүгінгені көрінеді.

Конституциялық іс жүргізуге 9 өтініш қабылданды, 22 ақпанда бір өтінішті қарау қорытындысы бойынша Нормативтік қаулы шықты. Қазіргі уақытта судьялардың алдын ала зерделеуінде 27 өтініш бар.

 Ең көп өтініш Астана және Алматы қалаларының, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының тұрғындарынан келіп түскен.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив