Әскери инженерлер еліміздің екі өңірінде Есіл өзенінен өткел салады
Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына су қатынасын реттеу үшін темір жол құрамымен Қонаев гарнизоны 58012 әскери бөлімінің әскери қызметшілері келді.
Теміржол платформасымен су апаты болған аумақтарға понтондық-көпір паркінің элементтері тиелген автомобильдер, Орал-4320, жүзетін транспортер, байланыс құралдары және қосымша мүлік жеткізілді.
Солтүстік Қазақстан облысында өткел Қызылжар ауданы Соколов ауылының маңында жолға қойылады. Су тасқыны салдарынан мұнда электрмен жабдықтау және «Севказэнерго» АҚ мамандарының сорғы станциясына кіруі проблемалары туындады. Бұдан басқа, қатынастың бұл түрімен жергілікті халықты, техниканы, материалдық құралдар мен жануарларды тасымалдау жүзеге асырылатын болады.
Ақмола облысында Есіл өзені арнасының асуына байланысты Жақсы ауданындағы автокөлік он жерден жырып кетті. Сонымен қатар, Қима – Терісаққан аудандық маңызы бар тас жолы шайылып, көпір бұзылды.
Облыс әкімінің өтініші бойынша Қарулы күштер Бас штабы Инженерлік әскерлер департаментінің маманы су басқан жерлерге барлау жұмыстарын жүргізуге жәрдем көрсетті.
Жол қатынасының болмауы тұқым себу науқанының бұзылуына әкелуі мүмкін. Көпірдің арғы жағяндағы ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы 100 мың гектардан асады. Еріген сулардың жайылуы 3,5 мыңнан астам адам тұратын Беловод, Киев, Чапаев, Подгорная, Терісаққан, Қазақстан, Жақсы, Киров, Есіл, Жаңа-Қима елді мекендерімен көлік қатынасының тоқтатылуына әкелді.
Қима ауылының жанынан ағатын Есіл өзенінде паром өткелін ұйымдастыру адамдарды, техниканы тасымалдауға және гуманитарлық көмекті жеткізуге байланысты біраз мәселелерді шешеді.
Осындай су қатынасы 6 сәуірден бастап Ақтөбе облысының Шұбарқұдық және Ойыл елді мекендерінің ауданында Ойыл өзенінде орнатылды. Осы уақыт ішінде паром өткелін 1568 жергілікті тұрғын пайдаланып үлгерді. 137 бірлік техника тасымалданды, 92 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.
Су тасқынына қарсы, апаттан құтқару шараларына және су тасқыны салдарын жоюға инженерлік әскерлер құрамынан барлығы 44 әскери қызметші мен төрт қызметші жұмылдырылды, 36 бірлік техника бөлінді. Әскер мамандары бұзылған жолдарды қалпына келтіреді, жарықсыз қалған елді мекендерді электр қуатымен қамтамасыз етеді, мұзды бұзу арқылы өзендердегі кептелістерді жояды. Мұның бәрі тәуекелдерді мұқият бағалауды, нақты есепті және келісілген әрекеттерді қажет етеді.