2023 жылғы Абай облысындағы некелесулер мен ажырасулар туралы
2023 жылы АХАТ органдары Абай облысында 3452 некені тіркеді, бұл бұдан бұрынғы жылмен салыстырғанда 7,4% аз. Некелесудің жалпы коэффициенті 5,67 құрады (1000 адамға шаққанда).
Өңірлер арасында Семей қаласының тұрғындары көп некелескен, 1000 адамға шаққандағы коэффициент 6,77, ал ең төменгі деңгей Абай ауданында – 1000 адамға 3,37 болды.
Отбасын құрғандардың ішінде бірінші рет некеге тұрған ерлердің үлесі 75,7%, әйелдерде – 75,1%, ажырасқандар арасында қайта некеге тұру үлесі ерлерде 22,6%, әйелдерде 22,1% болды.
Қалалық жерлерде 2452 неке (71,0%), ауылдық жерлерде 1000 неке (29,0%) тіркелді.
Алғаш рет некеге тұрғандардың орташа жасы ерлер үшін 28,1 жас, әйелдер үшін 25,5 жас болды.
Тіркелген некелердің 86,6% моноэтникалық, яғни бір ұлт арасындағы жұптардың отасуы, ал қалған 13,4% – этносаралық.
Ажырасуға келетін болсақ, олардың саны 2022 жылмен салыстырғанда 5,4% көбейіп, 1514 құрады. Қалалық жерлерде 1148 ажырасу (75,8%), ауылдық жерлерде 366 ажырасу (24,2%) тіркелген.
Ажырасудың жалпы коэффициенті 2,49 құрады (1000 адамға шаққанда). Ажырасудың ең жоғары деңгейі Курчатов қаласында тіркелді – 1000 адамға шаққандағы коэффициент 3,46, Абай ауданында ең төмен – 1000 адамға 0,79. Осылайша, 2023 жылы 1000 некеге 439 ажырасудан келген (2022 ж. – 384).
Неке ұзақтығы бойынша ажырасулардың ең көп үлесі (29,5%) некеде 5 - 9 жыл өмір сүрген отбасылар арасында, тағы 18,7% 10 - 14 жыл бірге отасқандар арасында болған.
Әдіснамалық түсіндірмелер
Некелер туралы мәліметтер АХАТ органдары әрбір осындай оқиға бойынша жасаған азаматтық хал актілерінің деректерін жыл сайынғы статистикалық өңдеу негізінде алынған. Кестедегі деректер АХАТ органдарында тіркелген неке жағдайларын ғана қамтиды.
Ажырасулар (некенің бұзылуы) туралы мәліметтер АХАТ органдары жасаған азаматтық хал актілерінің деректерін, сондай-ақ некенің бұзылуы туралы со шешімдерін жыл сайынғы статистикалық өңдеу негізінде алынған.
Неке мен ажырасудың жалпы коэффициенттері халықтың орташа санында күнтізбелік бір кезеңде тиісінше некелескендер және ажырасқандар санының қатынасымен есептеледі.