Қорғаныс және Ұлттық экономика министрліктерінің бірлескен бұйрығының күші жойылады
Қорғаныс министрлігі «Ұйымдардың, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын сақтауына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 6 тамыздағы № 602 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 72 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» бірлескен бұйрық жобасын әзірледі.
Бірлескен нормативтік құқықтық актінің жобасы ҚР Кәсіпкерлік кодексінен 138-баптың 107-тармақшасын алып тастауға байланысты әзірленді. Бұл норма жергілікті басқару органдары ұйымдарының, кәсіпорындардың және бизнес субъектілерінің әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу ережелерін сақтау жөніндегі бақылау функциясын қарастырды.
Қорғаныс ведомствосының және басқа да мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау жұмылдыру ресурстарын басқарудың тиімділігін арттырды. Әскери есепке алуды жүргізуді автоматтандыру тексеруді жүзеге асырмай ішкі бақылауды сақтауға мүмкіндік береді.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде ағымдағы жылдың 3 мамырына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15022967