Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
480.5 534.22 5.18

Алматыда Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының құрылған күні атап өтілді

19-04-2024, 12:17 Мадина Айдарова

ҚР Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубының оқу-жаттығу орталығында түрлі спорт түрлерінен Алматы өңірлік гарнизонының әскери бөлімдері мен бөлімшелері арасында жарыстар өтті.

Оларға 16 команда құрамында 300-ден астам әскери қызметші – футбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат және қой көтеру сайыстарына қатысты.

– Бұл шара Орталық спорт клубының құрылғанына 54 жыл толуына орайластырылды, – деп атап өтті Қорғаныс министрлігі.

 – Командалық рух, тартысты ойын және жеңіске деген ерік-жігері үшін барлық қатысушыға алғыс айтамын деп атап өтті Спорт комитеті – ОСК оқу-жаттығу орталығының бастығы (Алматы филиалы) майор Берден Ақпанбеков.

Волейбол турнирінің нәтижелері бойынша Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының құрамасы тартысты жарыста бірінші орын еншіледі. Футболдан «Жас ұлан» республикалық мектебінің командасы үздік атанды. Үстел теннисінен 16194 әскери бөлімінің десантшылары жеңіске жетті. 

Шахмат турнирінде «алтын» олжалаған Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысының басқармасы әскери қызметшілерінің зерделік қабілеттері бағаланды.  

Қой көтеру ұлттық сайысында Орталық спорт клубы командасының өкілі кіші сержант Бауыржан Әбдіхайымға тең келген жан болмады. Жарты сағатта ол қойды 465 рет көтерді.  

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, медальдармен, грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив