Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
480.72 548.07 6.14

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық ғарыш орталығында болды

19-04-2024, 19:42 Мадина Айдарова

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық ғарыш орталығына барды

Сапар барысында Қазақстанның ғарыштық жетістіктері мен ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің жұмысымен танысты. 

Қазақстандық мамандар ғарыш мониторингі саласындағы жобалар туралы айтып, ғарыш аппараттарды құрастыру кезеңдері мен шығарылатын компоненттердің үлгілерін ұсынды. Сонымен қатар ғарышқа ұшыру алдында спутниктерді сынақтан өткізу жұмыстары жүргізілетін аумақтарды да аралап көрді.

Орталыққа барған сапарында Қырғызстан басшысы Садыр Жапаровпен бірге Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов жүрді. Сондай-ақ екі ел арасындағы ғарыш саласындағы серіктестікке де назар аударылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив