Атыраудағы зардап шеккендерге гуманитарлық көмекпен қамтамасыз ету үшін үш дрон жеткізілді
Су тасқыны жағдайында Атыраудағы зардап шеккендерге гуманитарлық көмекпен қамтамасыз ету үшін Америкадан үш дрон жеткізілді.
ARC Drones өкілдері қазір Атырау қаласында ТЖМ қызметкерлерімен бірлесіп ең шалғай және жеткізу қиындық туғызатын жерлерге азық-түлік, дәрі-дәрмек пен басқа да өмірлік маңызды материалдық құралдарды шұғыл тасымалдау жұмыстарына кірісуге дайын.
Америкалық стартап ARC Drones негізін қалаушылар Әлібек Елтай және Әсел Тұрсынмен бірге американдық стартап Қазақстандағы су тасқынына қарсы көмек көрсету үшін автономды дрондарын ұсынады. Astana hub техехнопаркімен серіктестік аясында ARC Drones медициналық материалдарды, гуманитарлық көмекті, азық-түлікті және басқа да шұғыл тауарларды шалғай және жету қиын аймақтарға тиімді жеткізу үшін үш ұшқышсыз дрондарды ұсынды.
Дрондар 10 км радиуста және салмағы 30-40 кг-ға дейін көмек жеткізе алады. Қазір Қазақстанда 3 ұшу аппараты бар және олар күніне 100-ге дейін ұшуды орындай алады.
Автономды дрондар арқылы жүктерді жеткізу шешімі мына жұмыстарды қамтамасыз етеді:
- Су тасқыны жағдайында да жүк көтергіштігі 20 кг және радиусы 10 км болатын жүкті лезде және үздіксіз жеткізу;
- Шұғыл медициналық және гуманитарлық сұрауларға жылдам жауап беру;
- Өмірлік маңызды медициналық материалдарды (қан, вакциналар немесе құтқару дәрі-дәрмектері) ең шалғай және жету қиын жерлерге жеткізу;
- Құтқарушылар мен еріктілер үшін тәуекелдерді азайту;
- Бір рейсте немесе бір станциядан күніне 100 рейске дейін үлкен көлемдегі материалдарды тасымалдаудың максималды тиімділігі;
- Талдау үшін су сынамаларын жинауды қолдау. Мысалы, дрондар сынау үшін далалық клиникалардан микробиологиялық үлгілерді зертханаға тасымалдау үшін пайдаланылуы мүмкін, өйткені үлгілерді мотоциклдермен тасымалдау тым баяу болуы мүмкін.