Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Қазақстандық делегация Халықаралық «Иннопром. Орталық Азия» өнеркәсіптік конференциясына қатысуда

22-04-2024, 20:48 Мадина Айдарова

22-24 сәуір аралығында Өзбекстан астанасында «Узэкспоцентр» НВК алаңында Орталық Азиядағы өнеркәсіптік әріптестікті дамытуға арналған  негізгі іс-шара – «ИННОПРОМ Орталық Азия» Халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтуде.

«ИННОПРОМ. Орталық Азия» көрме алаңы 4 павильон мен көше экспозициясын қамтитын 14 500 шаршы метр жерде құрастырылған. Жалпы, 457 экспонент ұсынылады және Ресей Федерациясының аймақтарынан 29 ұжымдық экспозиция, 2 Ұлттық экспозиция - Өзбекстан Республикасы (312 квм) және Беларусь Республикасы (119 квм). Көрмеге 35 елден 10 мың келуші келеді деп күтілуде.

Қазақстандық Делегацияны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков бастап барды.  Делегация құрамына ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қызметкерлері, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, сондай-ақ, «Jibek Joly» АЭА Басқарма Төрағасы, «ONTUSTIK» АЭА Басқарма төрағасының орынбасары және «Тараз» арнайы-кәсіпкерлік корпорациялары» АҚ төрағасы кірді. Сондай-ақ көрмеде қазақстандық Seven Refractories Asia отқа төзімді материалдар өндірісі, ВМП Астана лак-бояу зауыты, «Forever Flourishing (Middle Asia) Pty Ltd» металлургиялық зауыты өз өнімдерін ұсынды.

ЕАЭО «Өнеркәсіптік кооперацияға жәрдемдесудің жаңа құралдары» панельдік сессиясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбекұлы сөз алды.

«Біз Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз және қарым қатынасты тереңдетуді жалғастырамыз. Біздің географиялық жағдайымыз бен ортақ мүдделерімізді ескере отырып, Қазақстан өнеркәсіптік кооперация үшін қолайлы жағдайлар жасауға  белсенді жұмыс істеуде.

Қазақстан Республикасы шетелдік инвесторлардың ыңғайлылығы мен қауіпсіздігі үшін барлық жағдайды жасайды. Біздің инвестициялық саясатымыздың негізгі элементтерінің бірі «Астана» халықаралық қаржы орталығы болып табылады, ол бизнес пен инвестициялау үшін бірегей жағдайларды, соның ішінде ағылшын құқығы қағидаттары негізінде арнайы құқықтық режимді, салықтық жеңілдіктерді және бизнесті жүргізудің оңайлатылған режимін ұсынады», - деді О. Сапарбеков.

Өзбек бизнес-қоғамдастығының қазақстандық делегация құрамымен екіжақты кездесулерге қатысуға деген қызығушылығы бірлескен қазақстан-өзбек кәсіпорындарын, жаңа бизнес-байланыстар мен өнеркәсіпті дамыту нүктелерін құруға мүдделілігін айғақтайды.

Қазір Қазақстанда өзбек капиталының қатысуымен 1 400-ден астам кәсіпорын және 400-ден астам бірлескен қазақстан-өзбек компаниялары табысты жұмыс істеуде.

Қазіргі уақытта өнеркәсіптік кооперация 60 жобаны қарастырады. Қазақстан екі елдің ынтымақтастығы өңірлік әріптестікке елеулі серпін беретініне және тауар айналымының өсуіне, перспективалы жобалардың ашылуына елеулі ықпал ететініне сенімді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив