Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Қазақстанның бастамасымен ЕАЭО-ның екі техрегламенті жетілдірілді

23-04-2024, 11:18 Мадина Айдарова

22 сәуірде онлайн режимде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысында Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» және «Тамақ өнімдерін таңбалау бөлігінде» атты екі техникалық регламентіне қазақстандық тарап бастамашылық еткен өзгерістер бірауыздан қабылданды.

Жаңа өзгерістерге қазақстандық бизнестен келіп түскен көптеген өтініш бастама болды. Атап айтқанда, өндірушінің мекенжайының атауы өзгеріп, ал нақты орналасқан жері өзгермеген жағдайда (мысалы, қаланың, көшенің атауы өзгергенде және т.б.), ЕАЭО-ның қолданыстағы техникалық регламенттерінде бұрынғы мекенжаймен өнімді айналымға шығару мүмкіндігі қарастырылмаған еді.

Енді енгізілген өзгерістер бойынша қаптамадағы тамақ өнімдерін өндіруші ұйымның немесе кәсіпкердің нақты орналасқан жері емес, мекенжай атауы ғана ауысқан жағдайда 36 айға дейін өзгертпеуге болады. Сондай-ақ бұл жаңалықтарды тұтынушыға жеткізу жолын айқындайтын құжаттарға өзгерістер енгізілді.

Бұдан бөлек, ЕЭК Кеңесінің отырысында уақытша болу және кедендік баждар мен салықтарды төлеместен пайдалану мерзімдері мен шарттары және осы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімдері айқындалған тауарлар санаттарының тізбесі оңтайландырылды. 

Сондай-ақ тіркеу құжаматтасын ветеринариялық дәрілік препараттардың алты санаты үшін ЕАЭО ережелерінің талаптарына сәйкес келтіру рәсімін жеңілдететін шешім қабылданды. Бұл ретте препараттар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағында өндірілуі және кемінде 5 жыл айналыста болуы тиіс.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив