Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Абай облысында «WORLDSKILLS ABAI – 2024» өңірлік чемпионаты басталды

23-04-2024, 12:46 Мадина Айдарова

«WorldSkills Abai – 2024» екінші өңірлік чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Чемпионат мақсаты - жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және кәсіптік білім беруді дамыту.

Чемпионатта қатысушылар 57 құзыреттілік бойынша сынға түседі. Облыстың 29 колледжінен командалар қатысып, 200-ден астам студент өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетеді. Жұмысшы мамандықтары бойынша жастар біліктілігін 200 сарапшы бағалайды.

Чемпионат қорытындысы мен марапаттау рәсімі 26 сәуір күніне жоспарланған. 30 құзыреттілік бойынша жеңімпаз облыс құрамасы күзде өтетін республикалық кезеңге жолдама алады.

Айта кетейік, былтыр аймақтық чемпионатқа 23 колледж қатысса, биыл қатысушылар саны артты.

«Worldskills Kazakhstan-2023» ҮІІІ республикалық чемпионатында Абай облысының студенттері 6 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алып, еліміз бойынша үздік атанды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив