Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Абай облысы студенттері кәсіби шеберлік чемпионатында үздік атанды

27-11-2023, 19:30 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада «WorldSkills Kazakhstan 2023» VIII Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Жарысқа 22 жасқа дейінгі 545 маман және еліміздің түкпір-түкпірінен 520 сарапшы қатысты.

Үш күн бойы «ЭКСПО» халықаралық көрме орталығының аумағында колледж студенттері 30 құзыреттілік бойынша өз дағдылары мен кәсіби шеберліктерін көрсетті. Әсіресе, «Шаштараз өнері», «Кірпіш қалау», «Мобильді робототехника», «Мехатроника», «Кондитерлік іс», «Кіші сыныптарда оқыту» бағыттарында басқа өңірлерден ілгері болды.

Бүгін Астана қаласының Бейбітшілік және келісім сарайында Республикалық чемпионатқа қатысушыларды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.  Чемпионат қорытындысы бойынша Абай облысының командасы жалпы командалық есепте 1 орынды иеленді (алтын - 6, күміс-2, қола-3 және 12 медальон).

Айта кетейік, чемпионат 23-25 қараша аралығында өтті. Абай облысынан 7 колледжен 32 студент, 30 сарапшы қатысты. 2022 жылы облыс командасы жүлделі 3 орынға ие болды.

Чемпионат жеңімпаздары Қазақстанды 2024 жылғы 10-15 қыркүйегі аралығында Францияда өтетін «WorldSkills Lyon – 2024» халықаралық біріншілігінде таныстырудың бірегей мүмкіндігіне ие болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив