Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Қазақстан Премьер-Министрі барлық үйлерді мерзімінде тапсыру үшін қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды

23-04-2024, 15:50 Мадина Айдарова

Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов ұзаққа созылған құрылыс мәселесін шешу және тұрғын үйлерді уақтылы пайдалануға беру үшін құрылыстың заңдылығына тиімді бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың, бірқатар өңірлер әкімдерінің алданған үлескерлермен жұмыс, заңсыз құрылыспен күрес, инженерлік желілерді жүргізуге бөлінген қаржының игерілуі туралы баяндамалары тыңдалды.

Бүгінде елімізде 39 барынша проблемалық нысан бар. Олар бойынша алданған үлескерлер жылдар бойы соттасып келеді. 340-қа жуық тұрғын үй кешені заңсыз салынуда және ұзақ мерзімді құрылыс санатына түсу қаупі бар.

«Өнеркәсіп министрлігі өңірлермен бірлесіп, 1 маусымға дейінгі мерзімде салынып жатқан барлық объектілерге құрылыс жұмыстарының заңдылығы мен құжаттарына ревизия жүргізуі қажет. Оның қорытындысы бойынша бір айдың ішінде осыған дейін қабылданған Проблемалық объектілерді аяқтау жөніндегі жол картасын өзектендіру керек. Ең бастысы барлық үйлерді мерзімінде тапсыру үшін қатаң бақылауды қамтамасыз ету қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сонымен қатар өңір әкімдіктеріне коммуникацияларды жүргізу, әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және басқа да ең өзекті мәселелерді тиімді шешу үшін елді мекендердің перспективалы дамуына талдау жүргізу тапсырылды.

Сондай-ақ табиғатты қорғау және сейсмикалық қауіпті аймақтардағы құрылыс мәселесіне де ерекше назар аударылды. 2023 жылғы тексеру қорытындысы бойынша Алматыда негізінен тау бөктерінде құрылыс кезінде 150-ден астам бұзушылық фактісі анықталды. Сейсмикалық аймақтардағы құрылыс бақылауын күшейту мәселесі Үкіметтің бақылауында қалады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив