Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Қазақстан мен Сингапур екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша «сағаттарын теңестірді»

23-04-2024, 20:21 Мадина Айдарова

Сингапур тарапының шақыруымен Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Сингапур Республикасына жұмыс сапарымен келді.

Сапар бағдарламасының басты тармағы Қазақстан мен Сингапурдың сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялардың төртінші раундын өткізу болды. Қабылдаушы тараптың делегациясын Сингапур СІМ Тұрақты хатшысының орынбасары Кевин Чеок басқарды.

Сенімді және сындарлы атмосферада өткен консультациялар барысында тараптар екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі мәселелердің кең ауқымы бойынша мүдделі түрде пікір алмасты. Ә. Бақаев пен К. Чеок постковидтік кезеңде өте жоғары және жоғары деңгейдегі байланыстардың жандануымен белгіленген екіжақты саяси диалогтың үдемелі дамуын қанағаттанарлықпен атап өтті.

Ағымдағы жылдың соңына дейін өзара сапарлар мен іс-шаралар кестесі кеңінен талқыланды.

Қазақстан мен Сингапур сыртқы саяси ведомстволары делегацияларының басшылары екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың серпініне оң баға берді. Екі ел экономикасының бірін-бірі толықтыратын сипаты, су ресурстарын басқару, «ақылды қалалар», көліктік өзара байланыс, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі, цифрлық және жасыл экономика, туризм, ғылым және білім сияқты перспективалы салаларда кооперацияның жақсы әлеуетінің болуы аталып өтті.

Ә. Бақаев пен К. Чеок халықаралық күн тәртібінің негізгі аспектілері мен үрдістері бойынша «сағаттарын теңестірді». Астана мен Сингапурдың өңірлік және жаһандық саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұстанымдарының сәйкестігі айқындалды, тараптардың мультилатерализмге, халықаралық құқықтың негізін қалаушы қағидаттары мен нормаларына бейілдігі расталды.

Консультациялардың қорытындысы бойынша Қазақстан делегациясы Сингапур тарапына жан-жақты диалог пен дәстүрлі қонақжайлылық үшін ризашылығын білдірді. Дипломаттар тұрақты саяси консультациялар форматының тиімділігі туралы келісіп, екі тарапты қызықтыратын мәселелер бойынша байланыстарды жалғастыруға келісті.

Ә. Бақаевтың сапары бағдарламасының тағы бір маңызды тармағы Сингапурдың Тұрақты даму және қоршаған орта министрі, Сауда қатынастары жөніндегі Жетекшілік етуші министрі Грейс Фумен кездесу болды.

Қазақстан-Сингапур экономикалық ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективалары туралы, оның ішінде әлемдік шаруашылық қатынастар жүйесіндегі серпінді өзгерістер контекстінде мазмұнды пікір алмасты. Сұхбаттастар Қазақстан мен Сингапурдың тиісінше Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия өңірлерінде бір-біріне жетекші сауда және инвестициялық серіктес ретіндегі мәртебесін қанағаттанарлықпен атап өтті.

Тараптар орта және ұзақ мерзімді перспективада өсімнің жаңа нүктелерін айқындау мақсатында екі елдің үкіметтік, квазимемлекеттік және іскер топтары арасындағы байланыстарды одан әрі нығайту мен кеңейтудің маңыздылығын растады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив