Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Астанада қазақ-нидерланд ынтымақтастығы талқыланды

24-04-2024, 11:18 Мадина Айдарова

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Нидерланд Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаментінің директоры Эрик Вестстрате бастаған нидерланд делегациясымен кездесті.

Кездесу басында Қазақстан дипломаты Нидерландтың Қазақстан аймақтарындағы су тасқынына қарсы күресте көрсеткен сараптамалық қолдауына алғыс білдірді.

Тараптар өзара қызығушылық тудыратын кең ауқымды мәселелер бойынша қазақ-нидерланд ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Р.Василенко екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы белсенді диалогты құптай отырып, Қазақстан тарапы барлық деңгейдегі екіжақты байланыстарды нығайтуға мүдделі екенін растады.

Сонымен қатар, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар, сондай-ақ көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл талқыланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив