Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.61 534.53 5.28

Әскери музейде жаңа журналдың тұсаукесері өтті

24-04-2024, 17:52 Мадина Айдарова

Қарулы күштердің Мемлекеттік әскери-тарихи музейінде «Halyq Batyrlary» республикалық қоғамдық-патриоттық журналының салтанатты тұсаукесері өтті. 

Жаңа журнал «Tayelsiz Qazaqstannyn Halyq Batyrlary» республикалық қоғамдық бірлестігінің баспа басылымы болып табылады.

Парламент Сенаты мен Мәжілісі депутаттарының, Қарулы күштердің, басқа мемлекеттер аумағында жауынгерлік іс-қимылға қатысқан ардагерлердің, еңбек және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен жаңа баспа басылымының салтанатты ашылу рәсімі өтті. 

«Қазақстан Республикасының Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев, «Kazenergy» қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин, белгілі әншілер Нұржамал Үсенбаева мен Майра Ілиясова тұсаукесер лентасын қиды. 

– Жаңа журналдың тұсаукесерін бірлестіктің құрылғанына екі жыл толуына орайластырып отырмыз. Бұл журнал еліміздің көрнекті тұлғаларының өнегесімен тәрбиеленетін өскелең ұрпаққа арналған. Әскери мектептен өткен және еңбекте шыңдалған жастар мен аға буын арасындағы байланыстырушы оқу құралы болмақ, – деді «Tayelsiz Qazaqstannyn Halyq Batyrlary» РҚБ басшысы Халық Қаһарманы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев.

Сөз арасында ол ардагерлер қозғалысы жұмысының негізгі бағыты өскелең ұрпақты Отансүйгіштік рухында тәрбиелеу және ел тарихына құрмет көрсету екенін атап өтті. Басылымда ел Қарулы күштерінің, еңбек, Ауғанстанда және тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан ардагерлердің өмірі мен қызметі туралы материалдар жарияланатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив