Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
464.77 541.36 5.41

Жетісу құтқарушылары су тасқынынан зардап шеккен облыстарға көмек көрсетуді жалғастыруда

24-04-2024, 20:21 Мадина Айдарова

Жетісулық 11 құтқарушы Абай облысында, 4 құтқарушы Орал қаласының маңында су тасқынына байланысты құтқарушылық көмек шараларына белсене қатысуда.

Құтқарушылар Абай облысына 29 наурызда, ал Батыс Қазақстан облысына 14 сәуірде аттанған. Олар Абай облысында су тасқынының салдарын жою, іздестіру жұмыстарына, ал Орал қаласының маңындағы саяжай алаптарының аумағында адамдар мен жануарларды құтқару, эвакуациялау жұмыстарын атқаруда.

Абай облысы Аягөз ауданы Бозай ауылында Жетісу құтқарушыларымен Аягөз ауданы ТЖБ күшімен жол көпірінің бұзылуына байланысты, ауыл тұрғындарын Аягөз өзені арқылы өткізу ұйымдастырылды. Соңғы екі күнде 525 адам, оның ішінде 23 бала, азық-түлік жеткізілді.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив