Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.55 540.38 6.15

Сенатор Әлібек Нәутиев Жайық жағасындағы Махамбет ауданында болды

25-04-2024, 10:09 Мадина Айдарова

Сенат депутаты Әлібек Нәутиев Атырау облысына сапары барысында Жайық жағасында орналасқан Махамбет ауданында болды. Сенатор осындағы тасқын судан қорғану және бөгет салу жұмыстарымен танысты.

Қазіргі кезде ауданның 18 елді мекенін судан қорғау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Осы кезеңге 80 шақырымға жуық судан қорғану бөгеті жасалып, топырақ үйіндісі көтерілді. Тұрғындар тасқынға қарсы қорғаныс жұмыстарына белсенді түрде атсалысып, ұйымшылдық танытуда.

Дәл осы кезеңде Батыс Қазақстан облысынан келетін жойқын су тасқыны күтіліп отыр. Тасқын судан қорғану барысында ауыл тұрғындары белсенді жұмыс атқаруда. Қажыр-қайрат көрсетіп, ортақ іске бір кісідей жұмылған ауыл тұрғындарына сәттілік тілейміз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив