Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайы
Ақтөбе облысында жағдай тұрақты. Қазіргі уақытта Ырғыз ауданының Құйлыс, Жайсаңбай және Белшер ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізілуде. Аталған ауылдарда бүгінгі күні 690 дана қап төселіп, 230 тонна инертті материалдар жеткізілді.
12 сәуірден бастап ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісовтың жектешілігімен құтқарушылар Қорғаныс министрлігі ұшағымен Мамыр, Нұра, Белшер, Құйылыс ауылдарынан 1280 адам оның ішінде 652 бала эвакуацияланды. 640 адам уақытша орналастыру пункттерінде ал 614 адам туыстарында.
Ырғыз ауданындағы жұмыстарға ТЖД, ЖАО, Қорғаныс министрлігі 538 адам және 33 бірлік техника, 3 жүзу құралдары жұмылдырылды.
Ырғыз ауданында 127 үй су астында қалды. Оның ішінде Нұра ауылы 100, Мамыр ауылы 22, Белшер ауылы 4. Ойыл ауданында тасымалдау өту жұмыстарын жүргізуде.
Жағдай тұрақты, Департамент басшылығының бақылауында.