Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Қорғаныс министрі әскери бөлімдердің командирлерімен кеңес өткізді

27-02-2023, 17:54 Думан Кенжеғазыұлы

Аталмыш шара Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басқармасы ұйымдастырған жиын аясында жалпы әскери, артиллериялық бригадалар мен барлау (тау қорықшылары) полктерінің командирлеріне арнайы өткізілді.

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов сеніп тапсырылған әскери бөлімдердегі істердің жай-күйі туралы командирлердің баяндамаларын тыңдап, әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар міндеттер жүктеді. Ол әскерлердегі тактикалық, тактикалық-арнайы және атыс дайындығы мен тәртіптің тиімділігі көбінесе командирлердің құзыреттілігіне, ұйымдастырушылық қабілеттеріне және олардың лауазымдық міндеттеріне жауапкершілікпен қарауына байланысты екенін атап өтті.

Жиын бағдарламасы дәрістер мен практикалық сабақтарды, тренингтер мен тестілеуді қамтыды. Тактикалық сабақта шартты жағдай жайлы мәлімет берді. Командирлер оны бағалап, күштерді, құралдарды бөлу, қозғалыс жолдарын анықтау және уақытты есептеу арқылы жауынгерлік тапсырманы орындау туралы шешім қабылдады. Сабақтар тактикалық жағдайдағы барлық іс-қимыл нұсқаларын егжей-тегжейлі пысықтай отырып, жоғары қарқынмен орындалды.

– Көптеген тәжірибелік сабақтар жиын өткізудің пайдалы екенін көрсетіп отыр. Мұндай сәтті жинақталған білім қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында бағынысты бөлімшелер мен жеке құрамды басқаруға көмектеседі, – деп жиынның маңызды екенін атап өтті 06708 әскери бөлімінің командирі подполковник Жасұлан Әбеков.

Бригадалар мен полк командирлері заңнама нормаларын, тактикалық нормативтерді, жалпы әскери штабтар қызметі жөніндегі нұсқаулықтың ережелерін білуге тестілеуден өтті. Мұндай жиын командалық құрамның кәсіби деңгейін арттыруға, бөлімшелердің күнделікті тыныс-тіршілігін және жауынгерлік даярлық іс-шараларын ұйымдастырудағы біліктілігін тексеруге бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив